«СК-Фармация» басшысы Берік Шәріп пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов орындарын босатты. 10-шілде күні мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшылары мен министрлерге бірқатар ескертулер мен тапсырмалар берді.
Отырыс қорытындысын сараптаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қос мекеме басшысын қызметтен босатты.
«ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 10-шілдесіндегі бұйрығымен және ҚР Премьер-министрінің келісімімен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасы А.Н.Жұмағұловтың өз еркімен қызметтен кету туралы арызы қанағаттандырылды», - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Басып шығару