Mazir
22 июл 13:53korilim:1 466 Sayasat / Qazaqstan

Саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзіне елдің сенімі қалыптасып болмағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ – Саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзіне елдің сенімі қалыптасып болмағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ел арасында толық түсінік қалыптасып үлгерген жоқ. Саясаттанушы Алуа Жолдыбаева кеңес қызметіне арналған дөңгелек үстелде осындай пікір айтты. «Жалпы БАҚ пен әлеуметтік желідегі пікірлерге зер салсақ, ел арасында Ұлттық кеңес туралы нақты толық түсінік жоқ. Ұлттық кеңесті әкімдіктер мен мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестермен шатастырып жатқандар көп. Бұл кеңестің республикалық деңгейде жұмыс істейтінін, оның Ұлттық статусы бар екенін ел ұқпай жатқан сияқты. Әсіресе, аймақтарда осыны елге түсіндіру қажет», - дейді сарапшы. Оның ойынша, Ұлттық кеңестің мақсаты мен міндеті елге айқын емес. Алуа Жолдыбалина кеңестің жұмыс форматында қатысты да өз ойын білдірді. «Бір сөзбен айтқанда, Сенім кеңесінің өзіне сенім қалыптастыру қажет. Жарлық бойынша кеңестің жұмыс органы - Президент Әкімшілігінің бөлімшесі. Біз Еуропадағы, Америкадағы елдердің, Азияда Малайзияның тәжірибелеріне талдау жасадық. Біз мынадай үш бағытты ұсынар едік. Біріншіден, азаматтардың арыздарының, шағымдары мен сауалдарының нақты жүйесін жинақтау қажет. Кез келген мемлекеттік органдарға түсетін арыз-шағымдарды да осы топқа жинақтау керек. Екіншіден, ашық және жабық тыңдаулар өткізуді ұсынамыз. Үшіншіден, жұмыс топтары мен жұмыс органы «азаматтық жюри» сияқты жаңа технологияларды пайдаланғаны абзал. Төртінші кезекте әлеуметтік желі арқылы диалог жүруі керек. Осы төрт форматқа Президент Әкімшілігі назар аударып, кеңес мүшелерінің жұмысын қамтамасыз етуі керек. Кеңестің құрамы өте орынды іріктелген. Тек енді сол құрамның жұмысын қамтамасыз ету қажет», - деді саясаттанушы.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15