ПТР-тесттер шығаратын қазақстандық компанияның басшысы Алтай Қалымбетов еліміздегі коронавирус тестінің дефициті қолдан жасалғаны туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Диамед» ЖШС бас директоры әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Кәсіпкердің айтуынша, оның мекемесінен мемлекет бірде-бір коронавирус тестін сатып алмаған.
«ПТР диагностиканың дефициті қолдан жасалған. Уақыты келгенде «оба кезіндегі бизнестің» өкілдері әрбір адам өмірі үшін жауап береді. Мен де үндемей қалмаймын», - деді ол.
Аталған жазбаның пікір алаңында жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ойын білдіріп, бұл жағдайды жеке бақылауына алатынын жеткізген.
Басып шығару