Mazir
18 июл 18:33korilim:1 204 Sayasat / Qazaqstan

Президент көмекшісі Еуропадағы дипломатиялық миссияларды қайта құруды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуовтың Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар Еуропа елдеріндегі дипломатиялық миссияларын қайта құрылуына қатысты түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде көпвекторлы сыртқы саясаттың «елімізге, ұлттық бизнеске, әр азаматымызға нақты пайдасын тигізуі тиіс» екенін айтты. Отандық дипломатиялық қызмет әлемнің кез келген жерінде ұлттық мүддемізді нық қорғауы тиіс. Бұл ретте, саяси прагматизм мен экономикалық мақсатқа негізделген тиісті басымдықтарды анықтаудың маңызы аса зор. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында еуропалық елдердің алатын орны айрықша. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді іске асыру үшін еуропалық тараппен жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. Еуроодақтың Орталық Азия бойынша биылғы маусымда қабылдаған жаңартылған стратегиясы серіктестікті нығайту үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады. Еуропалық одақ – Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. Еліміздің сыртқы сауда айналымының және Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестицияның жартысы Еуропалық одақ мемлекеттеріне тиесілі. Осыған байланысты, Қазақстанның Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәртебесін беру – Еуропа мемлекеттерімен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Қазіргі уақытқа дейін осы елдерде біздің дипмиссияларымыз бен консулдықтарымыз ғана жұмыс істеді. Бұл аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты қарқынды дамытуға толық мүмкіндік бермеді. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттердің Елшіліктері Қазақстанда тиісті деңгейде жұмыс істеуде. Осыған орай, біздің серіктестеріміз Нұр-Сұлтан тарапынан лайықты қадам жасалатынына сенім білдіргендерін атап өту қажет. Ауқымы жағынан шағын Елшіліктерімізді қаржыландыру мәселесі жұмыс істеп тұрған дипломатиялық миссиялардың бюджеті шеңберінде қарастырылған. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар тәсіл, яғни мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктердің ықшам, кәсіби, тиімді құрамы негізінде сапалы әрі нәтижелі қызметке баса назар аударады. Осылайша, Қазақстан Президентінің СІМ ұсынысы бойынша қол қойған Жарлығы Еуропалық Одақтың маңызды серіктестерімен қарым-қатынастарды дамытуға тың серпін беру үшін қажетті әрі орынды шешім болды. Аталған бастама мемлекетіміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметін әртараптандыруға арналған міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.


Басып шығару
lasuna tablets - how to buy himcolin buy himcolin paypal

buy neurontin 800mg sale - buy sulfasalazine cheap sulfasalazine where to buy

cambia cheap - diclofenac online generic aspirin 75mg

buy rumalaya pills for sale - purchase rumalaya amitriptyline 10mg cheap

buy pyridostigmine no prescription - buy sumatriptan without prescription buy generic imuran online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15