АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстандағы сапарының суреттерінтвиттердежариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Екі жақты қарым-қатынастар мен Қазақстандағы реформа бағдарламаларын қолдайтын ведомствоаралық топқа алғыс айтамын. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің командасы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға күш салып келеді», - деп жазды Энтони Блинкен твиттерде.
Еске салсақ бүгін таңертең АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш сапармен келді. Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді.
Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.
Басып шығару