Армения премьер-министрі Никол Пашиняннің сәуір айында отставкаға кететіні белгілі болды. Пашиняннің айтуынша, бұл мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін қажет формальді шара.
Аталған шара 20 маусымда өтеді. Ал оған дейін Никол Пашинян премьер-министрдің міндетін атқарушы болып қызмет етеді. Заң бойынша жазға белгіленген саяси додадан кейін парламент жаңа министрді сайлауы керек. Айта кетейік, егер екі тур кезінде де үміткерлердің ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса, парламент өзін өзі таратып жібереді.
Басып шығару