Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді. Еске салайық, Пашинянның ресейлік «Искандерлер» туралы сөзінен кейін Ереванда тағы бір саяси дағдарыс өршіген болатын.
Армения бас штабы бастығының орынбасары премьер-министрді мазақ еткені үшін қызметінен босатылған, кейін бас штаб бастығына да отставкаға кетуге ұсынылған.
«Пашинянның бір топ қарсыласы Ереван орталығында бірнеше министрлік орналасқан үкімет ғимаратына басып кірді», - делінген хабарламада.