Сауд Арабиясы шекарасын бір аптаға жапты.
Сауд Арабиясының билігі коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бір аптаға құрлықтағы шекараны жабу және халықаралық рейстерді тоқтату туралы шешім шығарды.
"Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың жаңа түрінің таралуына қатысты ұсынымдарына байланысты... корольдік билігі шұғыл жағдайдан басқа халықаралық әуе рейстерін бір аптаға тоқтатты, тыйымды тағы бір аптаға ұзартуы мүмкін деген шешім шығарды", - деп хабарлады БАҚ.
Сондай-ақ елге азаматтарды құрлықтағы кеден бекеті арқылы кіргізуге де бір аптаға тыйым салынды.
Басып шығару