Армения президенті Армен Саркисян Қарабақ бойынша үшжақты мәлімдеме туралы баспасөзден білгенін және бұл мәселені талқылауға қатыспағанын айтты.
"Ресей мен Әзербайжан президенттерімен Қарабақ соғысын тоқтату туралы мәлімдемеге қол қою туралы баспасөзден білдім. Сондай-ақ, баспасөзден соғысты тоқтату шарттары туралы білдім. Президент ретінде, өкінішке қарай, менімен осы құжат бойынша кеңесу немесе талқылау болған жоқ. Мен ешқандай келіссөздерге қатысқан жоқпын", - делінген Саркисянның президент сайтындағы мәлімдемесінде.
Басып шығару