Автономды робот Boston Dynamics Spot алғаш рет оқшауланған аймақта сыналды.
Чернобыльдің оқшауланған аймағында алғаш рет роботтар пайда болды. Америкалық Boston Dynamics компаниясының қолдауымен украин билігі радиоактивті ластанған жаңа, белгісіз аумақтарды ашуға үміттенеді. Ол үшін ең алдымен SPOT робот-ит қолданылды.
Атап айтқанда, Бристоль университетіндегі зерттеу тобы украин мамандарымен бірге Чернобыль атом электр станциясының үстінде тұрғызылған жаңа саркофагтың ішінде робот-итті сынап көрді.
Радиоактивті қалдықтарды уақытша оқшаулау пунктінің екі секторының аумағында және Подлесный, Буряковка радиоактивті қалдықтарды көму полигондарының аумағында радиометриялық, геофизикалық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды «Радиоактивті қалдықтарды басқару жөніндегі орталық кәсіпорнының» ресми сайты.
Енді зерттеушілер 3D суретті және радиациялық таралу карталарын, сондай-ақ радиация деңгейі жоғары аймақтары бар Қызыл орманнан алынған суреттерді күтуде.
Осылайша, радиациялық ластанудың таралу карталарын жаңарту жоспарланған.