Әзірбайжан мен Армения бір-бірін бүгін Таулы Карабахта орнаған гуманитарлық бітімді бұзды деп айыптай бастады.
Тараптар бір-бірін зеңбіректермен атқылағанын хабарлады. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзірбайжан және армениялық әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен.
Оның барысында қос тарап та қазанның 10-ы күні Мәскеуде қол жеткізілген Карабахтағы атысты тоқтату туралы келісімнің маңыздылығын атап өткен.
Еске салайық, қырқүйектің 27-сі күні Таулы Қарабақта әскери қимылдар басталып, аймақтағы жағдай шиеленісіп кеткен еді.
Басып шығару