Бішкектің Первомайский аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты босатқаны үшін пара алды деп айыптап, 11 жыл, екі айға бас бостандығынан айырды.
Алмазбек Атамбаев сот отырысында түйін сөз айтудан бас тартқан. Айта кетейік, біршама уақыт бұрын прокуратура айыпталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот кеңесінен кейін судья Эмильбек Каипов үкім оқылып, айыпталушыға 11 жыл, 2 ай мерзім кесілді.
Сот үкімі бойынша айыпталушының жеке мүлкі мен мемлекеттік наградалары тәркіленеді.
Әзиз Батукаевты заңсыз босату туралы тергеу 2019 жылдың қаңтар айынан басталған. Іс 2019 жылдың қазан айында сотқа өтті.
Алмазбек Атамбаевпен бірге аталмыш іске қатысы бар деп танылған 19 адамға жаза кесілді.
Басып шығару