Әсел Робертс АҚШ хаттама басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Әсел Робертс (бұрынғы Төленова) АҚШ хаттама бастығының міндетін атқарушы қызметіне 2021 жылдың 20 қаңтарында кірісті.
«Хаттама басшысының кеңсесінде 15 жылдан аса тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарды. Робертс ханым Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы Дипломатиялық қызмет мектебін халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. Ол орыс, қазақ және жапон тілдерінде сөйлейді», - делінген сайтта.