Аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,-делінген хабарламада.
Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.