Ұшақ Стамбулға қатты қонған кезінде екі қазақстандық жеңіл жарақат алған.
«Түрік тарапының қазақстандық елшіге ұсынылған ақпараты бойынша, жарақат алған Қазақстан Республикасының азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартты және дәрігерлердің қарауынан кейін босатылды. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін босатылды », - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Boeing 737 ұшағының қатты қонуының нәтижесінде Стамбул әуежайында 120 адам жарақат алды. Boeing бортында 177 жолаушы, оның ішінде екі бала және алты экипаж мүшесі болды. Бас прокуратура ұшақтың құлауына қатысты тергеуді бастады.
Басып шығару