Павлодар облысы тауарлар қызметінің сапасын бақылау және басқарудың жаңа басшысы тағайындалды.
Облыс әкімінің орынбасары жиналғандарды бүгінгі аймақтағы денсаулық сақтаудың жай-күйімен қысқаша таныстырып, қызмет жұмысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерге баса назар аудара отырып, жақын арадағы міндеттерге тоқталды.
Байғабылов Сәдуақас Нагметуллович үш жоғары білімі бар, жұмыс өтілі 20 жылдан асады, оның ішінде мемлекеттік қызметте 18 және 10 жыл басшылық қызметтер атқарған. 2009 - 2010 жж Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментін басқарды. Соңғы жылдары ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды, 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін ол Нұр Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бойынша қызмет еткен.
Сәдуақас Байғабыловтың соңғы қызметімен қош айтысуына себеп болған: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала тұрғындарының судың сапасына қатысты шағымдарына назар аудара отырып, елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің жұмысын сынға алу болатын.
Басып шығару