Mazir
29 июн 15:48korilim:744 Sayasat / Ekonomika

Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек


Жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды. 
«Біз Ішкі істер министрлігімен бірге біртіндеп арнайы терминалдарды қолданысқа енгіземіз, сөйтіп құжаттарды миграция мамандарына жүгінбей-ақ, терминал арқылы ресімдеуге болады»,- деп жазды министр. 
Сонда-ақ ол сөзінде кеше Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барысы туралы айтып, сосын Сенат депутаттары алдында жаңа заң жобасы бойынша баяндама жасағанын жазды. 
«Заң жобасында инновация, цифровизация және ақпараттық қауіпсіздік саласына өзгерістер мен онлайн-қызметтерді жылдамырақ енгізуді көздейтін іс-шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, яғни адами факторды азайтып, қызмет көрсету уақытын қысқартуға бағытталған. Платформалық модель мен бірыңғай архитектура қалыптастыру арқылы шығыны көп шашыраңқы ақпараттық жүйелерді реттеп, қажетсіз базаларды қысқартуға болады. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету жылдамдығы артып, азаматтарға да, мемлекеттік органдарға да қолайлы және тиімді жағдай жасалады. 
Шалғай ауылдарда тұратын қазақстандықтар үшін «цифрлық нүктелер» ашылады. Бұл мәселені Қазпоштада жұмыс істеп жүргенде көтерген едім. Бәріне белгілі, Қазақстанның түкпір-түкпірінде, тіпті ең шалғай ауылдарында Қазпоштаның ғана бөлімшелері бар, сондықтан осы бөлімшелерде тек пошта қызметтері емес, мемлекеттік қызметтерді де ұсынылатын болады. Әйтпесе тұрғындар қаладағы немесе аудан орталығындағы ХҚКО-ға баруға мәжбүр. Цифрлық құжаттар мәселесіне келсек, заңда цифрлық құжаттар қағаз нұсқамен тең дәрежеде қолданылатыны туралы норма қарастырылған. Сондай-ақ жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. 
Біз ІІМ-мен бірге біртіндеп арнайы терминалдарды қолданысқа енгіземіз, сөйтіп құжаттарды миграция мамандарына жүгінбей-ақ, терминал арқылы ресімдеуге болады»,-дейді Бағдат Мусин. Оның сөзінше, алыс елді мекендерді байланыспен қамту мәселесіне келсек, байланыс желісін электр жеткізу желілерінің бағандары арқылы өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Яғни электр жеткізу желілері бар жерге байланыс та өткізіледі. Ал, мұндай мүмкіндік болмаған жерлерге спутник арқылы жеткізетін боламыз. Әлеуметтік саладағы цифрландыру жұмыстарының қарқыны да бәсеңдемеуі тиіс. Бұған дейін мүгедектікті растайтын құжат алу үшін бірнеше мекемені аралап, түрлі анықтамалар жинау керек болатын. 
Біз бұл процесті қайта қарастырдық, енді көп ұзамай ерекше қажеттілігі бар тұлғалар мүгедектігін куәландыру үшін түрлі мекемелерді араламай-ақ, бір ғана мекемеге – өздерінің емханаларына жүгінетін болады. Көпбалалы аналарға да жәрдемақы проактивті түрде тағайындалады. Енді олар жәрдемақы ресімдеу үшін құжат жинап жүрмейді, қызмет автоматты түрде көрсетіледі. «Процесті ашық және жариялы жүргізуге жол ашылады. 
Мысалы, алқа билерді іріктеу процесі автоматтандырылады, көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар электронды түрде өткізіледі. Жаңа заң жобасының басты міндеті – азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара байланысын нығайту. Арыз-шағымдар, өтініштер мен басқа да құжаттарды әп-сәтте жолдауға болады. Осы екі кездесуді қорытындыласам, біздің жұмысымыз ең басты екі қағидатқа - проактивті және «адамға бағдарланған» жобаларға негізделген. 
Сенаторлар біздің заңжобаға қолдау көрсеткеніне қуаныштымыз»,- делінген жазбада.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15