Mazir
27 июн 15:31korilim:674 Sayasat / Madeniet

Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс


Маусымның 29 күні жиырма шақты қазақ ақыны Қатон-Қарағайға жиналады. Оның 16-ы алты Алашқа аты кеткен айтыс ақындары. Тағы бір парасы көркем өлеңнің көрнекті өкілдері. 
Исі қазаққа таныс осыншама ақынды елдің шығысына шақырып отырған Қатон-Қарағайдың іскер азаматтары. Оны білетінім: елсүйгіш ер азаматтар ұйымдастырған игі қызметтердің бір парасын көзбен көріп, тамсанып, тәнті болып жүрдім.
Сөйтіп, сол жігіттер Қатон-Қарағайға — еліміздің ең шығыс кенересіне он алты ақынды шақырып өлең-той өткізейін деп жатыр. Біздің ұлтта ең үлкен той да, ең өнегелі той да ол — өлең той.
Ең мықты төкпе ақындар төрт күннен соң сонда топталады. Бұл Қатон-Қарағай үшін үлкен ақпараттық іс-шара болмақ. Идеяның иесі де, демеушісі де жаңағы жігіттер, дегенмен, жергілікті әкімдер мен Мәдениет департаменті де үлкен қолдау білдіріп отыр. 
Жалпы, Қатондағы азаматтардың ежелден келе жатқан елсүйгіштік дәстүрі бар. Арғы ғасырда туған Әбдікерім болыстың тұсында-ақ, елдің-жердің еңсесін көтеруге талпынып, мектеп ашып, сонау жердің шеті, жаудың бетіндегі жұртын жаңалыққа, теңдікке жетелеген. Сол үшін ізденген Мәскеу асқан, жанын пида еткен азаматтар аз болмаған.
Осы порталға  үш жыл бұрын жазған “ОНДЫҚТАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ОТАН” атты мақаламызда айтқандай Қатонның қазіргі жағдайын Әбдікерімнің заманымен салыстырмасақ та, одан онша алыс емес. Ауданды таратқан, 30 000 халықтың көбі кеткен, азы қалған азып-тозар халде. “Көк жайлау құлазиды ел кеткен соң” деуші еді ғой. Бұқтырманы бойлай созылған Қатон-Қарағай жайлауының халі де соған таяу.
Кешегі Баламир Сақаридің, Қалиханның, Оралханның, Дидахметтің, қазірде арамызда жүрген қатондық қаламгерлердің құлшына суреттейтін құлпырған табиғат — құт мекені құлазып, елсіз қалар қауіпте. 
Мыну шараны ұйымдастырып отырған жігіттер ортақ сөз табысып, ондаған жыл бойы Қатон-Қарағайды — туған жерін елімен сақтауға жанталасып жүрген жігіттер. Олар қазірде қалған халықты көшірмей құт мекенде ұстап қалудың амалын жасауда.
Ең бірінші жұртты елде қалдыоатын фактор – осындағы ұрпаққа беретін сапалы білім — “ешқайда көшпей-ақ, осы жерде отырып, ұрпағы ең сапалы білімге қол жеткізу” деп санаған азаматтардың алғашқы ісі — өздері қаржы ұйымдастырып, Қатон-Қарағай көлемінде мінсіз жабдықталған Назарбаев Зияткерлік мектебінен екеуін құрғаны.
Екінші жұмыстары – ірі қалалардағы өз мекемелерін, өндірістік орындарын Қатон-Қарағай ауылында тіркеп, салықтарын ауылдық округ қазынасына құйып, жергілікті қазнаның ауқымын ұлғайтқаны. Қазірде бұл қаражат әлгі мектептерді ұстап отыруға жұмсалуда.
Үшінші қадамы — мол қаржымен саяхат орындарын салып, сапалы қызметті жолға қоюы.  Сонымен қатар Қатонның табиғатымен қоса этно-мәдени келбетін тұжырымдайтын сала мамандарын ұйымдастырып, барынша оқшау табиғаты сыяқты тартымды этно тандем жасауға талпынып жатқаны.
Осынау ұйымдасқан іскер азаматтар Қатон-Қарағайдағы инфрақұрылымды дамыту үшін өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануда. Олардың біразы мемлекеттік қызметте ауқымды жұмыстар істеп, кейін іскерлік жолға ауысқан мықты менеджерлер. Жол салу, көпір жөндеу, туған ауылдарына спортзал, мәдениет үйі, мешіт салу сияқты қызметтер олар үшін өткен шақтың жұмысына айналған.
Қатоннан шыққан елсүйгіш ер азаматтардың ең басты мақсаты – Қатон-Қарағайдың аудан статусын қайтарып, аймақты мемлекеттік ұлттық саябақ деңгейіне көтеру, өздері қаржы құйған Назарбаев зияткерлік мектептерін мемлекеттік балансқа өткізіп, өз кәсіптерінің салық жүктемелерінен түскен қаражатты ауыл құзырына қалдыру. 
Қатонның Берел тарихи мекенімен қоса оның қымызы, балы, табиғаты сияқты брендтерін халықаралық туризм аренасына көтеру. Сөйтіп, туған жерін елімен бірге сақтау.    
Азаматтарға атын шығару мүлде қажетсіз ұғым. Осы ойларды жазудың үстінде отырып та қатарындағы өзім танитын азаматтармен хабарластым. “Жоқ, біздің атымызды атау қажет емес!” дегенді айтады. 
Ақындар айтысынан — осынау халықаралық өлең тойдан олардың күткені — Катон-Қарағайды жырлау, оның тұнған табиғатына, асыл затына сай атын — дәрежесін дәріптеу. Өлең десе елеңдейтін күллі қазақ жұртын Қатон жаққа бір қайыру.
Олар ақындарды шабытты айтыс кезінде осы өлең тойдың түпкі мақсатын түсініп, оны өлеңмен, айтыстағы өзара қару — диалогпен, әзілмен, қайым қағыстармен әйгілейтінінен үмітті.
Енді десеңіз Қатонның табиғаты, тарихы, Алтайдың ұлттық деңгейдегі статусы өлеңге қосылары сөзсіз. Табиғатына қарай Қатон-Қарағай тіл шеберлерін – ақындарды, жазушыларды туған киелі мекен. Әбдікәрім болыс та өлең жазған екен. Кешегі өткен Баламир Сақариевті, Қалихан Ысқақты, Оралхан Бөкейді, Дидахмет Әшімханды білесіздер. Бүгінде мерей тойлары өтіп жатқан Әлібек Асқаров пен Әлібек Қаңтарбаев та айтыс күндері атамекенінде болар. Бұдан бөлек те қалам ұстаған азаматтар баршылық.
Айтыс кезінде жалпақ қазаққа жырмен жайылып Қатон-Қарағайды жан баласы кеміте алмас биік бейнесі жасалар. Алтай табиғатының аясында ақындардың да тынысы ашылар. Бізді Қатонға шақырып қараөлең тойын жасаған жігіттердің қалауы орындалғай.Сапар сәтті болсын ақын ағайын!

Ал десең құшағына алады Алтай.
Көңілді алуан күйге салады Алтай.
Сұлудай торғын киген бұлт жамылып, 
Арқаға әлде неше қарады Алтай.
—Иса Байзақ.
Басып шығару
lasuna pill - purchase lasuna generic himcolin canada

cheap gabapentin generic - order gabapentin for sale sulfasalazine 500mg us

order mebeverine 135 mg for sale - arcoxia 60mg price buy pletal

where to buy cambia without a prescription - purchase aspirin sale order aspirin 75mg generic

mestinon online order - brand pyridostigmine order imuran online cheap

buy rumalaya tablets - cheap generic rumalaya order elavil generic

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15