Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1999 жылы тоқтатылған «Қазақстанның Халық әртісі» атағын қайта тағайындауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Қазақстанның Халық әртісі» атағы 1993 жылдан 1999 жылға дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын алған тұлғаларға берілген.
21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мемлекет басшысы сала қызметкерлерін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, 48 мәдениет қайраткеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын тапсырып, марапаттады.
Басып шығару