Конституциялық кеңес президент Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын қарау туралы үндеуін өндіріске қабылдады.
Президент Тоқаевтың үндеуін қарайтын Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітіледі.
«Жұмыс тобы бұл мәртебені осы норманы нақтылайтын заңға емес, Конституцияның өзінде белгілеу керек деген қорытындыға келді. Яғни, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірәсылов.
Президенттің өкілеттігі қысқарады. Суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік республикаға көшу жоспарлануда. Конституцияның 30-дан астам баптары мен 20 заңға өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.
Президент Тоқаев бұл үдерісті «Екінші Республика» деп атады.
Басып шығару