Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек емделіп шығып, жиналыс өткізді. Ол жиналыста партия Тоқаев қойған тапсырмаларды орындау үшін партия қатарындағы барлық күшті біріктіретінін айтты.
Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев туралы да ойын іркіп қалмады.
«Елбасының және алдыңғы буынның мемлекет шекарасын шегендеп, елдің тұтастығын сақтау жолында төккен тері ұлттық тарихымызда сақталады. Әрине, түзетуге болатын қателіктер әрдайым орын алады. Президент жариялаған реформалардың да түпкі мәні осында. Бүгінгі күні Нұрсұлтан Назарбаевты барлығы үшін кінәлау – деңгейдің төмендігі», - деді ол.