Бүгін жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы өтті. Министрлер кабинеті бірнеше мәселелерді талдады. Утилизация туралы мәселе бірінші кезекте тұрды.
Экология министрі Серікқали Брекешовтің мәліметінше, «Оператор РОП» ТОО 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін утилизациялық төлем ретінде 691,9 млрд теңге алған.
Жаңа тәртіп бойынша келесі мәселелерге назар аударылады:
1. Өндірісті дамыту қоры базасында немесе өз алдына мемлекеттік оператор құру.
2. Утилизациялық төлемнің коэффициентін қайта қарау.
3. Бизнес ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен отандық транспорттарды және ауыл шаруашылық техникаларын сатып алушыларға ваучерлер ұсыну.
Басып шығару