Министрдің кеңесшісі Насир Ахмад Фаик Ауғанстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ауғанстанның Тұрақты өкілдігі Ауғанстандағы күрделі гуманитарлық жағдайды реттеу үшін БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттерімен және билік органдарымен тығыз жұмыс істеуге ниетті.
Ауғанстанның БҰҰ-дағы миссиясының хатында: «Қысқы аяз, теңіздегі осал жағдай, аштық пен азық-түлік қауіпсіздігіне тап болған адамдарға шұғыл көмек көрсету – басты басымдықтардың бірі» делінген.
Қазақстанда тыйым салынған «Талибан» ұйымы 15 тамыздан бастап Ауғанстанның бүкіл аумағын өз бақылауына алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстанда аккредиттелген агенттіктерін қабылдады.
Сонымен қатар бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған қызметкерлердің тұруына, кеңселік үй-жайды жалға алуға және т.б. шығындардың барлығы толығымен БҰҰ бюджетінен қаржыландырылатынын хабарлады.
Басып шығару