Mazir
06 дек 14:12korilim:385 Sayasat / Ekonomika

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен шағын құрамда келіссөз өткізді


Ақорда сарайында Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Шығыс залында шағын құрамда келіссөз өткізді. 


Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты стратегиялық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты негізгі аспектілер қарастырылды. Сондай-ақ аймақтағы, соның ішінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан, Шавкат Мирзиёевтің қазақ жерінде өтіп жатқан мемлекеттік сапарының маңызды екенін атап өтті. 

«Біз бүгін одақтастық қатынастар туралы Декларацияға қол қоямыз. Бұған дейін стратегиялық серіктестік қағидаларына сүйеніп келген болсақ, алдағы уақытта біздің өзара қарым-қатынастарымыз шын мәніндегі жаңа деңгейге көтеріледі. Сондықтан бүгін қол қойылатын құжаттар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп есептеймін. Біз үкіметтерімізге жақын арада сауда көлемін 5 миллиард долларға, кейінірек 10 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырма беруге уағдаластық. Бұл өте жоғары деңгей», – деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі екі мемлекеттің рөлі туралы айтты. 

«Елдеріміз арасындағы одақтастық, стратегиялық қарым-қатынастар – Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бұл ешқандай артық айтқандық емес. Екі ел арасындағы байланыстар қаншалықты тығыз болса, біздің маңызды аймақтағы ахуал да соншалықты тұрақты болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Шавкат Мирзиёев қазақ жерінде көрсетілген дәстүрлі қонақжайлық үшін ризашылығын білдіріп, өзінің және өзбек халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Өзбекстан басшысы Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміздің жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. 


Сондай-ақ ол екіжақты қатынастардың дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын атап өтті. Өзбекстан Президенті өзінің мемлекеттік сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанының символдық мәні бар екенін айтты. 

Ол екі ел халықтарының арасындағы ғасырлар бой қалыптасқан достық қарым-қатынастар мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ екі ел үкіметтерінің осы сапар қарсаңында атқарған нәтижелі жұмыстарын атап өтті.

Басып шығару
cheap lasuna pill - buy diarex pills himcolin buy online

cost besivance - purchase sildamax pills buy sildamax without a prescription

buy celecoxib 200mg generic - indocin buy online indocin over the counter

colospa 135 mg ca - order colospa 135mg generic cilostazol cost

cambia medication - order cambia sale cheap aspirin

buy rumalaya pill - purchase elavil for sale amitriptyline 10mg canada

pyridostigmine where to buy - imitrex 50mg pills where to buy azathioprine without a prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15