Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 536 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен бұғат алынғанын және жоғарыда аталған сома Ұлттық Банкке қайтарылғанын мәлімдеді.
«2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап бұғатталған болатын.
2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері бұғаттан шығарылды», - делінген хабарламада.
Басып шығару