18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп, түрме азабын көрген диссидент ақын Арон Атабек дүниеден озды. Мәліметтерге сәйкес, Арон Атабектің кешкі сағат 20:00 шамасында жүрегі тоқтап қалған.
Қаралы хабарды Айсұлу Әбубәкірова растады. Еске салайық, Арон Атабек соңғы уақытта денсаулығы қатты нашарлап, «Сұңқар» клиникасында ем алып жатқан болатын.
20 қазан күні ақынның қарындасы Рәзия Нутышева Арон Атабектің жағдайы нашарлағанын айтты. Кейін жедел-жәрдем шақыртып, оны жеке клиникаға жатқызған.
Арон Атабектің сол уақытта жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатқаны айтылды. Кейін оның жансақтау бөліміне түскені туралы хабарланды, комаға түскені айтылды.
Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Диссидент қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылды.
Басып шығару