Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен үкімет отырысы өтіп, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.
Бүгінгі таңда 8,2 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.
Көрші елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.
Басып шығару