Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады.Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.
Сонымен қатар, президент «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.
– Бұдан бөлек ол дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады, – деп нақтылады Берік Уәли.