Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК даналар кеңесінің басшысы етіп тағайындауды ұсынды.
ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметулин өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференцияның сыртқы істер министрлерінің 6-шы отырысы барысында осындай мәлімдеме жасады.
– Бүгін қабылдануы керек келесі құжат – даналар кеңесі туралы ереже. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін біз Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу кезінде президент Тоқаев АӨСШК-нің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Даналар кеңесінің жетекшілігіне ұсынды. Сіздер бұл кандидатураны мақұлдайсыздар деп үміттенеміз, – деді Рахметуллин.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың жиналысқа қатысушыларға арнаған үндеуін айтқан еді.
Ол Азияның бүгінгі күні экономикалық өсу қарқыны жоғары әлем өңірлері рейтингінде бірінші орында тұрғанымен, әлі де пайдаланылмаған үлкен экономикалық, адами және табиғи ресурстарға ие екенін атап өтті.
Басып шығару