Facebook кеше кешке болған үлкен ақаулық салдарынан әлеуметтік желі қолданушыларының жеке деректері желіге тарап кетпеді деп мәлімдеді.
Бұған дейін Privacy Affairs интернет-басылымы әлеуметтік желілердің жұмысындағы сәтсіздік туралы хабарламалар аясында Facebook-тің 1,5 млрд қолданушысы туралы мәліметтер DarkNet-те сатылымға қойылғанын хабарлаған болатын. Бейресми мәліметтер бойынша, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының аты-жөні, физикалық және электрондық пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлері болатын.
«Бізде ақау кезінде пайдаланушы деректерінің сыртқа таралып кеткені туралы дәлел жоқ», – делінген Facebook хабарламасында.
Facebook, Instagram, WhatsApp және осы компанияға тиесілі басқа да бірқатар қосымшалар 4 қазан қолданушыларға жеті сағатқа жуық қолжетімсіз болды.
Facebook негізін қалаушы және басшысы Марк Цукерберг Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджерінің интернет -платформаларының сәтсіздігі үшін кешірім сұрады.
WhatsApp, Instagram және Facebook мессенджерлері бүкіл әлемде жұмысын тоқтатты. Қазақстандық қолданушылар да әлеуметтік желілерге қосыла алмайтынына шағымданды. Downdetector веб-сайтының хабарлауынша, мұндай ақаулықты Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа елдердің қолданушылары еңсерген.
Басып шығару