Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Марат Хуснуллиннің басшылығымен РФ үкіметтік делегациясы екі күндік жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келді.
Сапардың бірінші күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярмен кездесу өтті, онда жол саласындағы бірлескен жобалар, өткізу пункттерін қайта жаңарту, Қазақстан мен Ресейдің құрылыс нормаларын біріздендіру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, тараптар жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылап, олардың өткізу қабілеттілігін, жүк тасымалы көлемі мен әлеуметтік-экономикалық әсерін болжауға мүмкіндік беретін автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жұмыстарды синхрондауға дайын екендіктерін білдірді.
Өз кезегінде шекаралық өткізу бекеттерін бірлесіп қайта құру жоспарлары олардың жүктемесінің ұлғаюымен және екі ел арасындағы туристік ағынның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерімен байланысты.
Қабылданған шешімдер мүдделі мемлекеттік органдардың жедел және үйлестірілген жұмысына, екі мемлекет азаматтарының мүдделеріне бағытталған практикалық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.
Кездесуге қатысушылар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық принциптерін ұстанатындықтарын растады және үкіметаралық байланыстардың жоғары динамикасын сақтауға келісті.
Ресейлік делегация құрамында үкіметтің аппарат басшысының орынбасары Э. Тагиров, көлік министрінің бірінші орынбасары А. Костюк, «Ресей автомобиль жолдары» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы В. Петушенко болды.
Басып шығару