Mazir
30 сен 10:08korilim:486 Sayasat / Qazaqstan

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы: Елбасы маңызды мәселелерді атады


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы ақпарат Елбасының ресми сайтында жарияланды. 

Отырыста өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жағдайларында экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы жағдай бүгінгі таңда Орталық Еуразия кеңістігіндегі маңызды өзгерістерге түрткі болып, ұзақ мерзімді сын-қатерлер тудырып отырғанын айтты. Осыған орай өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі тетіктерін нығайтып, жаңа механизмдер қалыптастыру керектігіне тоқталды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы жан-жақты дайындықты қамтамасыз ету керектігіне назар аударды.
«Өңірлік қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер қорғаныс қабілетін одан әрі күшейту шараларын талап етіп отыр. Қазақстан армиясы заманауи озық стандарттарға сай болуға тиіс. Қарулы күштердің жаңғыруын, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің дамуын айқындайтын барлық базалық құжаттар бекітілді. Қазіргі таңда ең бастысы – біз қабылдаған шешімдердің бәрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету», – деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.
Сондай-ақ, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бағытында құқық қорғау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан үдемелі реформалардың маңыздылығы атап өтілді.

Елбасы қоғамдағы тыныштық пен келісім мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екеніне тоқталып, ұлттық рухани кеңістігіміздің қауіпсіздігін қорғау маңызды екенін айтты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы мемлекеттің тұрақтылығының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бөлігін үнемі бақылау қажет екенін атап өтті.
«Азаматтардың нақты кірісін арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осының бәріне экономиканың өсімі арқылы қол жеткіземіз. Денсаулық сақтау мен білім беруді қолдау, азаматтардың өзекті мәселелерін шешу әрдайым мемлекеттік органдардың басты назарында болуға тиіс. Мұның бәрі – қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен сенімділігінің кепілі. Экстремизм мен радикализмнің өрістеуіне жол беруге болмайды», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімовтің, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүддемізді қорғауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамның орнықты дамуына бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Басып шығару
cheap lasuna pills - buy lasuna generic buy himcolin for sale

gabapentin over the counter - buy motrin 600mg generic cost sulfasalazine 500 mg

benemid over the counter - probenecid 500 mg tablet order generic carbamazepine

colospa 135 mg sale - buy pletal for sale cilostazol 100mg sale

buy diclofenac 100mg generic - order aspirin pill buy aspirin no prescription

cost rumalaya - amitriptyline 50mg pill elavil 10mg uk

buy pyridostigmine 60mg sale - buy imuran 25mg online cheap order azathioprine 50mg sale

buy diclofenac generic - buy generic voveran online nimotop online order

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15