АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп АҚШ-тың арнайы прокуроры Джон Даремнің жүргізген тергеуінің нәтижесінде «Ресеймен астыртын байланыста болды» деген айыптаудың президент сайлауы алдында демократтан ойдан шығарған жала екенін мәлімдеді.
Ресеймен байланыс тарихын зерттеу барысында бұрынғы президентке тағылып отырған айыптаулардың барлығы Хиллари Клинтон мен оның жақтастары – демократтардың ойдан шығарған жаласы екені анықталған.
«Ойлаңыздаршы, Клинтон қандай қорқынышпен өмір сүрген?! Тіпті, өз ақылын осындай жаман әрекетке бағыттай отырып, кісіге жалған айып тағуға дейін барған», - деді Трамп.
Даремнің тергеп-тексеру жұмыстарына және негізсіз америкалық санкцияларға қатысты пікір білдірген РФ СІМ Сергей Лавров мәселенің анық-қанығына жетпей тұрып, санкция салу қате әрекет екенін жеткізді.
«Екіжақты қарым-қатынасқа зиян келтіретін әрекетке негізсіз бару – америкалық тәсіл. Өкінішке орай, біз оған үйреніп қалдық. Санкциялардың күшін жоюды біз ешқашан сұрамаймыз. Барлығын өтініштер мен кешірімдер арқылы шешу жолын көршілес жатқан Украина таңдады», - деді Лавров.
Басып шығару