Бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалған Серікқали Брекешев ант қабылдады.
Жұмысына табыс тілеген үкімет басшысы Асқар Мамин Серікқали Аманғалиұлынан ант қабылдауын сұрады.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», – деді жаңа министр.
Басып шығару