Қазан қаласында қыркүйектің 4-11 жұлдызы аралығында өткен "ТМД елдерінің І ойындары" турнирінде Қазақстан 3-орын алды. Бірінші орынды Ресей, екінші орынды Өзбекстан қанжығалаған.
Ресейлік спортшылардың қоржынында: алтын - 114, күміс - 42, қола - 59.
Өзбекстандық спортшылар есебінде: алтын - 23, күміс - 32, қола - 36.
Қазақстандық спортшылар еншісінде: алтын - 18, күміс - 35, қола - 53.
Турнирге Ресей, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Молдова, Тәжікстан елдерінен 1000-ға жуық жас спортшы қатысқан.
Спортшылар бокс, еркін және грек-рим күресінен, каратэден, футбол мен футзалдан, баскетболдан, мергендіктен және т.б. бақ сынады.
Басып шығару