Әл-Каида радикалды тобының жетекшісі (Қазақстанда тыйым салынған) Айман әз-Завахири 11 қыркүйектегі террактың 20 жылдығына байланысты
үндеу жасады.
Радикалды сайттарды бақылайтын SITE барлау тобы видеоның 12 қыркүйекте шыққанын айтты. Әз-Завахири«Аль-Сахаб» тобының медиа тобы дайындаған 61 минут 37 секундтық видеоға түсірілген.
Онда әз-Завахри «Иерусалим ешқашан еврейлердің иелігінде болмайды» деп мәлімдеп, «әл-Каида» шабуылдарын, оның ішінде қаңтар айында Сириядағы орыс әскерлеріне жасалған шабуылды жоғары бағалады.
Әз-Завахири 20 жылдық соғыстан кейін американдық әскерлердің Ауғанстаннан шығарылғанын атап өтті, бірақ тәліптердің Ауғанстанды басып алғанын айтпады.
2020 жылдың соңында әз-Завахири өлді деген ақпарат пайда болды, бірақ бұл ақпарат расталмады.
Басып шығару