ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ТМД елдерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекетаралық кеңесінің басшысы қызметіне кірісті.
Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, бұл кеңес қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бекітілген міндеттерін атқаруын, мониторинг жүргізуін қадағалайды.
Кеңес отырысында Ахметжанов Қазақстан тарапы сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою бағытында жұмыс істеп келе жатқанын және мүдделі тараптармен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді.
«Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңға енгізілген жаңалықтар туралы, қылмыстық процесті модернизациялау және елдегі жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты», - деп жазылған агенттік хабарламасында.
Басып шығару