ДДСҰ бас директоры әлем бойынша коронавирус инфекциясының таралуының үшінші толқыны басталғанын жариялады. Бұған әлем елдеріндегі шектеу шараларының әлсіреп, «дельта-штаммының» пайда болуы себепкер екен.
Гебрейесустың айтуынша, адамдардың сақтық шараларын ұмытуы, «дельта-штаммының» күш алуы коронавирус жұқтырған адамдар саны артып, қайғылы жағдайлардың көбеюіне тікелей әсер етіп отыр.
«Коронавирустың дельта-нұсқасы қазір әлемнің 111 елінде тіркелді. Біз бұл мутацияның коронавирустың жетекші штаммы болатынын болжап отырмыз», - деді ол.
Оның айтуынша, әлем бойынша вакциналарды тарату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі жеткілікті деңгейге көтерілмеген. Сонымен қатар, вакцинаның қолжетімділігі қиындаған елдер де жоқ емес.
«Мен барлық елдерді өз халқының кем дегенде 10 пайызын қыркүйек айына дейін вакцина алғызуға, жыл аяғынадейін бұл көлемді 40 пайызға, ал келесі жылдың ортасына дейін 70 пайызға жеткізу керек», - деді ДДСҰ басшысы.
Басып шығару