Асхат Оралов Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оның басқа жұмысқа ауысумен байланысты.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясының филиалында, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеді.
2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.
2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.
Басып шығару