Қазақстандық азамат денесіне Тоқаев бейнеленген татуировка салдырды

  • 05 июл, 16:00
  • Көрілім: 192

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеленген татуировка суретін және туындының жасалу барысын Instagram парақшасында тату-суретші Айтқабыл Бұзаубаев жариялады.

Шебер өзінің татуировка салумен бесінші жыл қатарынан айналысып жатқанын, көбіне салдырушылар  негізінен фильмдер, актерлер, музыканттардың кейіпкерлерін салдыру үшін оған жүгінетіндігін айтты. Оның айтуынша, ол бұл жолы бірінші рет саясаткердің имиджін салып отыр.

Ол жұмысты 4 сағатта бітіргенін, алайда оның айтуынша, портрет әлі аяқталған жоқ: фонды аяқтауға және бөлшектерді салуға арналған видеоның екінші бөлігі болады. Тоқаевтың бейнесін санына салдырған адам атын атамауды жөн көрген.

«Оның жанында Назарбаевтың суреті бар және ол қасына Тоқаевты қосуды шешті», дейді тату-суретші.

Татуировка иесінің өзі мойындағандай, Тоқаевтың татуировкасын салуға деген ұмтылыс президенттің кейбір бастамаларын ұнатқандығымен байланысты.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру