Қазақстанда карантин шаралары күшейеді. Бұл туралы шешімді коронавирустың таралуының алдын-алу мақсатында жұмыс істейтін Ведомствоаралық комиссия шығарған.
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
«Коронавирус мутацияларының елімізде анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне келесі шараларды қабылдауды ұсынамыз:
- қызмет көрсету саласындағы, ірі ұжымдық жұмыс орындарындағы вакцина алмаған жұмыс істеуіне шектеу қою (коронавируспен ауырғандарды есептемегенде);
- Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін барлық жеке кәсіпкерліктерге жұмысшыларының вакцинацияланған болуын талап ету;
- Ashyq жобасына сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін және базарларды қосу», - делінген хабарламада.
«Елімізде жағдай тұрақыт, дегенмен, әлемде және көрші елдерде эпидахуал ушығып бара жатыр. Яғни, коронавирустың жаңа штаммдары тез тарайды. Нұр-Сұлтан қаласында скрининг жүргізілді, сондықтан, Цой «дельта-штамм» бар екенін айтып отыр», - деді Ералы Тоғжанов.
Басып шығару