Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Мемлекет басшысы агенттік төрағасының әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нарығындағы жағдайды тұрақтандыру туралы есебін тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев биржалық сауданың өсу қарқыны, құрылыс заттарына, баспанаға, тағы да басқа тауарларға қатысты мәліметтерден құлағдар болды. сонымен қатар мемлекеттік және жеке операторлардың жұмысына жүргізілген сараптама негізіндегі 3,5 миллиард теңге экономикалық тиімділік көрсететін ұсыныс айтылды.
Бұдан бөлек, агенттік төрағасы фармацевтика, құрылыс, денсаулық сақтау бағыттарындағы антимонополиялық жұмыстарды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жоюға бағытталған шаралар өткізгенін, сондай-ақ, бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мен заң жобасының дайындалу барысы туралы баяндаған.
Президент азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын түсіру бойынша жүйелі шаралар қолдануды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік өндірушілер қатарын арттырып, отандық өндірушілерге және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету керек екенін айтқан.
Басып шығару