Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева биыл өткен жылғымен салыстырғанда еріктілерді қаржыландыру көлемі үш есеге дейін қысқарғанын айтты.
«Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 113 мың еріктінің қатысуымен 6 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Өткен жылғыға қарағанда қаржыландырудың үш есеге қысқарғанына байланысты қолдау керек екенін айтқым келеді. былтыр осы бағыттағы жұмыстарға 338,6 миллион теңге бөлінсе, биыл бұл көлем 89,7 миллион теңгеге дейін қысқарды», - деді министр.
Аида Балаеваның айтуынша, «Талап» орталығының бағалауынша, 2020 жылы еріктілер 3,9 миллиард теңге көлемінде Ұлттық экономикаға үлес қосқан. Еріктілер қызметінің басым көпшілігі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласына бағытталған екен. Оның үлесі 68 пайызды құрайды.
«Былтыр «Еріктілер жылында» біздің азаматтарымыз жауапкершілігін көрсетіп, пандемия жағдайында бірнеше игі істерді атқарды. Биыл еріктілер қозғалыстарына мүше болуға, қайырымды іспен айналысуға қызығушылық танытқандар саны арта түсті. Оның ішінде еріктілер ұйымдарының саны үш есеге, белсенді еріктілер саны төрт есеге өсті», - деді ол.
Басып шығару