Маусым айынан бастап халық санағына дайындық жүреді. Бүгінде уақытша санақ қызметкерлерін тарту және оларды оқыту жұмыстары аяқталып қалды.
Алғашқы кезеңге 5 мың 500-ге жуық тіркеуші мен 770-тен аса нұсқаушы-бақылаушы алынады. Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. Айта кетейік, халық санағына онлайн және дәстүрлі форматта қатысуға болады.