ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің
Баспасөз қызметі хабарлайды.
Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — ғалым агроном, мемлекеттік қызмет менеджері, заңгер. Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытында жұмысшы болып бастаған.
Басып шығару