Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.
Баланы іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты.