Бұрынғы Мәдениет және Спорт министрі, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы "Qasqa Jol" бағдарламасына сұхбат берді. Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасының меншігіндегі дүниелер туралы, Шыңғысханның бейіті мен Кенесарының басы туралы деректермен бөлісті. Сондай Қазақстанда теңдесі жоқ кино академиясы ашылатынын мәлімдеді.
Ораза айында тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Өзіңіз қандай тілек тіледіңіз? "Айтқаның келсін. Ораза айы - қасиетті ай. Әсіресе, дүниежүзінде коронавирусқа байланысты өзгеріс боп жатқанда, бәрінің тілегі қиын жағдайдан жылдам шығу. Ораза айының ішінде бәріміз вакцина алып, Қазақстан дүниежүзіне ашық болса деген арманым бар", - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры.
Мәдениет министрін ауыстыру керек пе?
"Мүмкін. Мәдениет министрлігінің қолында идеология жағынан қару бар. Дүниежүзінде мемлекетке әсер ететін 3 қозғалыс бар. Білім, кіші және орта бизнес, мәдениет. Әр мемлекетте мәдениет пен білім бірінші орында тұрады", - деді ол.
Мәдениет министрінің қандай кемшіліктерін атап өте аласыз? "Әр адамның алдына қойған мақсаты бар. Шыны керек, Ақтоты Райымқұлова консерваторияда проректор болып жүрген жерінен министрлікке жұмысқа шақырып, департаменттің басшысы болды. Кейін вице-министр болды. Оның қаншалықты жұмыс істеп жатқанын уақыт көрсетеді. Қазіргі уақытта қиын, бәрі жабық тұрғанда үлкен бағдарлама жасай алмайсың немесе көрме өткізе алмайсың", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Шыңғысханның бейітін қазақ жерінен қайта іздеу керек пе?"Мүлдем керек жоқ. Шыңғысханның бейіті осында. Бірақ оны дәлелдеуіміз керек. Бүкіл әлем Шыңғысханның бейітін іздеумен айналысады, тек біз ғана айтпаймыз. Ұлытауға барып, нақты деректерді көрсетеміз. Әмір Темір үлкен жорыққа шығар алдында Ұлытауға келіп, тасқа қашап жазған. Мен әскеріммен Алтынорданы қиратуға жорыққа шығып бара жатырмын. Сол үшін жорықты қасиетті Ұлытаудан бастаймын. Самарқандта туып өскен билеуші жорығын неге Ұлытаудан бастады? Бұл қасиетті жер. Халықаралық ғалымдар келіп зерттеуі қажет", - деді бұрынғы Мәдениет және Спорт министрі.
Неліктен сіздің өміріңіз адамдарға қызық болуы мүмкін? "Егер өмірде бейшара болсаң ешкімге керек емессің. Бұл бейшара ғой, тиіспеңдерші дейді. Хакім Абайдың мынадай сөзі бар: "Жүректе жан болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша өмір күнелтпек". Көзге көрінгесін қызғанатындар бар, оларға бұрылып қарауға мұрша жоқ", - деп жауап берді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасының меншігінде не бар?
"Қазір өте оңай, интернетті ашсаңыз барлығы бар. Енемнің атындағы, әйелімнің атындағы, балаларымның атында өткен жылы ашқан фирмалар бар. Қанша салық төленіп жатқаны туралы ақпарат бар. Оны жасыру мүмкін емес. Оны жасырудың керегі жоқ. Егер мен жасырғым келсе, офшорлық бір компанияға жазар едім. Жұбайымның атында "The family kafesi" және Қазақ энциклопедиясы бар. Екі ұлымның атында "Alem Education koleji" деген білім орталықтары бар", - деді тарих ғылымдарының кандидаты.
Алматы әкімі болсаңыз, ЛГБТ өкілдері мен феминистердің митинг өткізуіне рұқсат берер ме едіңіз?Бұл сұраққа біз бүкіл қоғам болып қарсы шығуымыз керек. Ондайды болдырмау керек. ЛГБТ - ұлтты ішінен шірітіп, құлатудың бір бағыты", - деп жауап берді белгілі мемлекет және саясат қайраткері.
Басып шығару