ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ECOSOC) вакцинация мәселесіне арналған саммитіне қатысты. Әлемде вакциналардың біркелкі таралмау жағдайын талқылау кезінде Алексей Цой мәлімдеме жасады.
«Әлем COVID-19-пен күрес ортасында болғандықтан, бұл пандемияның ең үлкен ауыртпалығы барлық елдерге, әсіресе қиын жағдайға тап болған, соның ішінде теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге әсер етеді. COVID-19 вакциналарына қол жеткізу бай елдер мен кедей елдер арасындағы алшақтықты одан әрі арттырады.
Біз Бас хатшы Антонио Гутерриштің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бастамасының жалпы мақсаттарына жету үшін GAVI және CEPI (Халықаралық вакциналарды дамыту альянсы) бірлесе жұмыс жасағаны үшін күш-жігерін жоғары бағалаймыз», - деді ол.