Интернетте Facebookтың жарты миллиард қолданушысының жеке мәліметтері табылды. Жеке мәліметтерге мыналар жатады: телефон номері, электронды пошта адрестері, туған күні мен туған жері. Бұл туралы Business Insider хабарлады.
Киберқауіпсіздікпен айналысатын Hudson Rock компаниясы айтуынша, 106 елдегі «Фейсбук» қолданушылары туралы мәліметтер хакерлік форумдардың бірінде ашық күйде сақтаулы тұр екен. Мекеменің техникалық директоры Аарон Галдың деректердің жаппай таралуы киберқылмыстың өршуіне әкелуі мүмкін екенін айтты.
Басып шығару