Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының әкімі қызметінен босатылды. ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының (RANEPA) 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары мұнай өнімдері бойынша сарапшы болып бастаған.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары - Қызылорда қаласының әкімі.
Фото: syrboyi.kz
Басып шығару